Балалардың жазғы демалысы қалай өтеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалардың жазғы демалысы қалай өтеді?

29.05.2018

Күнкөрісі төмен отбасылардың, ата-ана қарауынсыз қалған, сондай-ақ, ерекше күтімді қажет ететін балаларды лагерлерге жіберу үшін республикалық бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінді. Жалпы, оқушылардың жазғы демалысының мәнді, әрі пайдалы өтуіне Үкімет ерекше назар аударып отыр. Бүгінгі отырыста министрлер кабинеті суға шомылу маусымы кезінде жылда қайталанатын қайғылы оқиғалардың алдын алу, жеткіншектерді спорт пен еңбекке баулу үшін арнайы үйірмелерді ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, лагерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуын қадағалау қажет екені аталып өтті. Мәселен, былтыр ел бойынша 145 нысан ереже бұзған екен. Биыл да лагерлерді бақылау шаралары жалғасын таппақ.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Бірінші маусымнан бастап 1,5 млн. балаға арналған 12,5 мың мектеп жанындағы лагерь жұмысын бастайды. Жаз бойы 125 қала сыртындағы және 2000-ға жуық шатырлар, спорттық киіз үйлік лагерлер жұмыс істейді. Сонымен қатар, жаз кезінде барлық білім беру мекемелері аулаларында секциялар, клубтар, саяхат бойынша жұмыстар жүреді.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу