Республикада балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылған? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикада балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылған?

13.07.2014
Республикада балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылған?

Жаздыгүні  шілде болғанда, көкорай шалғын, бәйшешек, ұзарып өсіп толғанда біздің балғын балалар тынығу орындарына жол тартады. Сандарды сөйлетіп кеп жіберсек, қазір елімізде 11 мың 417 лагерь мен мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істейді екен. Оның 14-і жыл он екі ай жұмыс істесе, 242-сі қала сыртында орналасқан.

Білім және ғылым министрлігінен биыл жазғы демалыспен оқушылардың 67,3% қамтылды деген ақпар алдық. Бұл шамамен 1 миллион 600 мың оқушы. Оның ішінде 951 мың бала сауықтыру орталығына жіберілген. Сондай-ақ,  жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыдан шыққан балалар және мүмкіндігі шектеулі балалар, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалар және үздік оқушылар тегін демалып жатыр.

Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында бүгінге дейін 14 мың 988 жетім балаға,  97 мың 680  аз қамтылған отбасылардың балаларына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін тегін жолдама берілген. 

Хабарламаларға жазылу