Жұқпалы аурулар қауіпті ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұқпалы аурулар қауіпті ме?

11.07.2015
Жұқпалы аурулар қауіпті ме?

Жаз мезгілінде көкөніс, жеміс-жидектер пісіп, балалардың жазғы демалысы басталған кезде ішек жұқпалы  ауруларының өсуі байқалады.  

Ең кең тараған ішек жұқпалы аурулары қатарында гастроэнтероколит, дизентерия, сальмонеллез,  ротавирустық жұқпа және басқалары бар. Ішек ауруларын бактерия, вирустар және шартты патогендік микробтар туындатады. Бұл аурулар әсіресе, балалар арасында  жиі кездеседі.

Бактериялар суда, азық-түліктерде ұзақ сақталады, қолайлы жағдайда көбейіп кетеді. Ластанған суды, азық-түлікті пайдалану, тазалық ережесін сақтамау адамдардың сырқаттануының негізгі себебі.

Жазда жиі кездесетін жұқпалы аурулардан қалай сақтануға болады? Алдын алу шаралары қандай? Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан мамандар кеңесін тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу