Бүгін еліміздің барлық білім ошағындағы оқу үдерісі «Өзін-өзі тану» сабағымен басталды. Бұл - өскелең ұрпаққа өнегелі өсиет айтылып, рухани һәм адамгершілік қабілетті арттыру үшін қажет. Мәселен, Астанадағы мектеп-лицейлердің бірінде ашық сабақ ұйымдастырылды. Мұғалімдер оқушылардың қоғамға, қоршаған ортаға көзқарасын байқап, отбасылық құндылықтар жайлы әңгіме өрбітті. Айта кетейік, елордадағы 5 бірдей білім ошағының оқу үдерісіне «Өзін-өзі тану» бағдарламасы пилоттық негізде енгізілген. Оның аясында, жас ұрпақтың таным-түйсігіне 6 ай сайын мониторинг жүргізіліп, психологиялық және моральдық көмек көрсетіледі.
Нұрбек Оршыбеков, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:
- «Өзін-өзі тану» пәні барлық деңгейде 2010-2011 жылы енгізілген болатын. Бұл пәннің негізгі мақсаты - біздің балаларға рухани тәлім-тәрбие беру.
Елдос САПАРҒАЛИ