Көкшетау техникалық институтына қабылданған 139 курсант әскери ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау техникалық институтына қабылданған 139 курсант әскери ант қабылдады

10.10.2017

Болашақ құтқарушыларды дайындайтын оқу орнының 1-ші курс курсанттары «Тәуелсіздік» алаңында жиналған көпшіліктің алдында Отанға адал қызмет етуге дайын екендігін айтып, салтанатты түрде серт берді. Биыл Көкшетау техникалық институтының құрылғанына - 20 жыл. Ол азаматтық қорғаныс саласының мамандарын оқытатын және болашақ құтқарушыларды дайындайтын еліміздегі жалғыз оқу орны. Бүгінге дейін институттан 4 мыңнан астам маман түлеп шықты. Қазір оқу орнында - 500-ге жуық жас білім алуда. 

Бекарыс Нұрмұқанов, Көкшетау техникалық институтының курсанты:

- Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Көкшетау техникалық институтына оқуға түсіп, Отанға адал қызмет етуге ант беріп жатырмыз. Әрбір әскери қызметкердің басты міндеті – адал болу, өзіне артылған үміт пен жауапкершілікті ақтау. Мен және ант қабылдап отырған менің жолдастарым осы үмітті ақтауға тырысамыз.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу