Астанада үздік мұғалімдер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада үздік мұғалімдер анықталды

22.05.2017

Астанада үздік мұғалімдер анықталды. Қалалық байқауға елордамыздың барлық білім беру мекемелеріндегі ұстаздар қатысқан. Үздік болуға үміттенгендердің саны 40-қа жуық. Педогогтар сайысы бірнеше кезеңнен түзілген. Соларды еңсерген 8 мұғалім, ақтық сынға шықты. Қатысушылардың жас айырмашылығы мен еңбек өтілі әртүрлі. Олар білім мен білігін және басқа да шеберліктерін сахна төрінде көрсетті. Ал, байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға № 50 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Ұлболсын Есілбаева ие болды.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу