Бүгін алғаш рет отандық телеиндустрияның үздіктерін марапаттау рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін алғаш рет отандық телеиндустрияның үздіктерін марапаттау рәсімі өтеді

04.12.2014
Бүгін алғаш рет отандық телеиндустрияның үздіктерін марапаттау рәсімі өтеді

«ТНС Централ Азия» компаниясының зерттеуі негізінде 17 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды: «Үздік актриса», «Үздік актер», «Үздік телехикая», «Телехикаяға арналған үздік саундтрек», «Үздік тележүргізуші», «Үздік портреттік – публицистикалық деректi фильм», «Үздік ақпараттық-сараптамалық  бағдарлама», «Үздік қоғамдық-саяси, әлеуметтік бағыттағы ток-шоу», «Үздік мәдени-тарихи бағдарлама», «Үздік әлеуметтік-маңызды жоба», Үздік қоғамдық-танымды бағдарлама», «Үздік музыкалық – ойын-сауық  бағдарлама», «Үздік кешкі жоба», «Үздік бейнеролик», «Үздік радио жоба», «Үздік спорт комментаторы», «Балаларға арналған үздік бағдарлама».

Лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімі Астанада «Хилтон» қонақүйінде 18.00-де басталады. 

Хабарламаларға жазылу