Астанада үздік өнертабыс иелері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада үздік өнертабыс иелері анықталды

05.12.2023
Елордада «Шапағат-2023» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Байқау отандық өнертапқыштардың жұмыстарын бағалап, зияткерлік меншік рөлін арттыру мақсатында 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Әділет министрлігі өкілдерінің айтуынша, биыл конкурсқа 200-ден аса өнертапқыш өтініш білдірген. Жеңімпаздар «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел», «Үздік инновациялық компания», «Жас өнертапқыш» сияқты номинациялар бойынша марапатталды. Үздік өнертабыс иелеріне «Еліміздің еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы берілді.


Сәуле Маратқызы,«Шапағат-2023» республикалық байқауының жеңімпазы:

Өнертабыстың аталуы шламдарды 6 валентті хромды детоксикациялау кезінде алынған өнімдерді құрылыс материалдарына кәдеге жарату деп аталады. Өнертабыстың маңыздылығы қалдықтарды залалсыздандыру және экологияны қорғау. Жақын арада тәжірибелік үлгі алынды. Өнертабыс оқу процессіне енгізіліп, спонсор іздеп жүрміз.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу