Теріскейде дуальды оқыту жүйесі дамып келеді

Солтүстік Қазақстан облысының 12 колледжі дуалды оқыту жүйесін енгізді.Білім ошақтары аймақтың 80 кәсіпорнымен келісім жасасып, студенттерді теориялық оқытумен қатар тәжірибелік біліктіліктерін де арттыруда. Кәсіптік білім берудегі бұл жаңашылдық жайлы Қазақ радиосының облыстағы меншікті тілшісі Ербақыт Амантайұлы хабарлады.
Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі ашылғаннан бергі 60 жыл ішінде мыңдаған маман даярлады. Болашақ түлектердің білікті маман болуы үшін оқу үдерісіне үнемі жаңашылдықтар енгізіп отырады. Биыл электрмен жабдықтау кәсібін игеріп жатқан студенттер дуалдық оқыту жүйесімен оқи бастады.
Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжі директорының орынбасары Юрий Данилов : «Дуалды оқыту жүйесінің артықшылықтары көп. Олар өнжірістік тәжірибені қайда өтемін деп қам жемейді, оқу бітірген соң жұмыс іздеп те сабылмайды. Бұның бәрі кәсіпорын, колледж және кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған үш жақты келісімде көрсетілген. «Севказэнерго» компаниясы салған полигонда студентер мамандықтың барлық қыр-сырын іс жүзінде үйренетін болады»,-деп атап өтті.
Аймақта барлығы 27 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бар. Оларда 12 мың студент білім алуда, 8 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін оқуда. 12 колледж өңірдің 80 кәсіпорнымен 24 мамандық бойынша дуалды оқыту туралы келісім жасасыпты.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24