NASA Торғай даласындағы геоглифтерді ғарыштан суретке түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

NASA Торғай даласындағы геоглифтерді ғарыштан суретке түсірді

02.11.2015
NASA  Торғай даласындағы  геоглифтерді ғарыштан суретке  түсірді
NASA  Торғай даласындағы  геоглифтерді ғарыштан суретке  түсірді

Әлемдегі ең беделді ғарышты зерттеу орталығы NASA Торғай даласындағы геоглифтерді ғарыштан суретке түсірді. Агенттік суреттерді екі апта бұрын түсіргендігін хабарлады The New York Times газеті.

Ғалымдар геоглифтердің сыры әлі ашылмағандығын алға тартуда. Дегенмен, геоглифтердің жасалған кезі 8 мың жылға кететіндігі анықталған. Бұл өз кезегінде Торғай геоглифтерінің адамзат қолымен жасалған ең көне мұра екендігіне нақты дәлел болып отыр. Мәселен, атақты Стоунхендж шамамен 5 мың жыл бұрын тұрғызылғандығы анықталған.
Торғай геоглифтерін Қостанайдың қарапайым тұрғыны Дмитрий Дей тапқан. Ал, NASA геоглифтерді 680 шақырым биіктіктер жер серігі арқылы суретке түсіріпті. Қазіргі таңда төрт нысан белгілі. Олар - Үштоғай шаршысы, Бестам шеңбері, Торғай свастикасы, және Егінді кресті. Соңғысы жол жөндеу жұмыстары кезінде біраз бүлінген. Ал, өзге геоглифтер жақсы сақталған.

Kaznews.kaztrk.kz


фото nytimes.com сайтынан алынды

Хабарламаларға жазылу