Атыраудағы №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы сабақты 6 тілде оқытады
Осындай шаралардың бірі Атырау қаласында орналасқан №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясында да өтті.
Биыл оқу жылын 1545 бала тәмамдауда. Олардың 38-і мектеп ұясынан ұшқалы тұрған түлектер. Бір оқушы «Алтын белгіге» үміткер.
Жалпы, алдағы күндері ҰБТ-ға түлектердің 99 пайызы, яғни 34 оқушы қатысады. Бұдан бөлек екі оқушы халықаралық ғылыми жобаларда үздіктер қатарынан көргендіктен, ҰБТ-дан босатылған.
Бұл мектеп осыдан 6 жыл бұрын салынған. Осы уақыттың ішінде білім ұясынан 200-ден астам оқушы түлеп шықты. Төрт оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.
Айта кету керек, бұл мектеп шәкірттерін алты тілде үйрететін мұнайлы өңірдегі жалғыз ғана білім ордасы. Қазір мұнда 129 ұстаз білім береді.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде шетелдіктер қазақ тілін үйреніп жүр
30.05.2026, 20:21
«ПСЖ» - «Арсенал» матчы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
30.05.2026, 20:19
Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанды
30.05.2026, 20:18
«Ақтөбе-тарының астанасы!» атты гастрономиялық фестиваль өтті
30.05.2026, 20:17
«Достық үйінің» іргетасы қаланды
30.05.2026, 20:16
Ұлттық музейдің желдету және ауа баптау жүйесі жаңартылды
30.05.2026, 20:15
«Заң керуені» жобасы ауылдарда жалғасын тапты
30.05.2026, 20:13
Реновация мен урбанистика саласындағы өңірдің тәжірибесі таныстырылды
30.05.2026, 20:12