Сенатта 2015-2017 жылдардың бюджеті талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта 2015-2017 жылдардың бюджеті талқыланды

02.03.2015
Сенатта 2015-2017 жылдардың бюджеті талқыланды

Бұл туралы Парламент Сенатының комитет отырысында айтылды. «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланды.

Құжат 2015-2017 жылдарға Республикалық бюджеттің түсімдері және шығыстар параметрлерін, орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ, мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын қаржыландыру көлемін айқындайды.

Тұтастай алғанда, 2015 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 5 триллион 988 миллиард теңге көлемінде жоспарлануда.

Ұлттық қордан кепілдік берілген трансферт мөлшері 1702 миллиард теңге болып бекітілген деңгейінде сақталады.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу