Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
Түркияның Сыртқы істер министрлігі еліміздегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. Министрлік жолдаған ресми хабарламада әскери оқу жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың жақындарына және барлық Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтамыз делінген. Сондай-ақ Түркі Мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев те Қазақстан халқына көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда Түркі мемлекеттері ұйымының Хатшылығы атынан және жеке өз атымнан қаза тапқан жауынгерлердің отбасылары мен қаза тапқандардың жақындарының қайғысына ортақтасып, бауырлас Қазақстан халқы мен Үкіметіне қайғырып көңіл айтамын делінген. Ал Түркиядағы Қазақстанның елшілігі мен бас консулдықтары ғимараттарында қаралы күнге байланысты Мемлекеттік Тулар төмен түсірілді. Сондай-ақ бауырлас елдің азаматтары арнайы дайындалған көңіл айту кітабына да жазба қалдыра алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы