Басты Жаңалықтар Қаза тапқан сарбаздардың отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр

Қаза тапқан сарбаздардың отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр

Қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасына жан-жақты қолдау көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында барлық түскен қаражатты бөлудің абсолютті ашықтығын қамтамасыз ету міндеттелді. Бұл ретте материалдық көмек заңда белгіленген мемлекеттік төлемдер мен өтемақыларды ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдері мен меценаттар тарапынан берілген қаржылық қолдауды да қамтымақ. Осы қаражатты шоғырландыру үшін арнайы қор ашылды. Қор қызметін Маңғыстау облысының әкімдігі тұрақты бақылауға алды.


Бөлісу