Басты Жаңалықтар Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда

Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда

Барлық шет мемлекеттегі Қазақстан елшіліктерінің ғимараттарында Мемлекеттік Ту төмен түсірілді. Еліміздің Бельгиядағы елшілігінің ұжымы мен осы елдегі қандастарымыз да аза тұтып жатыр. Елшілікте көңіл айту кітабы ашылған. Еуропалық дипломаттар, әскерилер мен саясаткерлер сол кітапқа жылы лебізін жазып, қазақстандықтармен бірге екенін жеткізуде. Көк Тудың төмен түскенін көрген қарапайым тұрғындар да Брюссельдегі Қазақстан елшілігіне барып, қайғыға ортақтасуда.  «Еңсені езген ауыр, зілді, азалы күн енді қайталанбасын», - деп тілейді бельгиялықтар.

Кадир Дюран, «Brussels corner» басылымының бас редакторы:

Қаза тапқан он төрт сарбаздың отбасына, бауырлас қазақ халқына қайғырып көңіл айту үшін елшілікке келдім. Мұндай қайғылы оқиға енді қайталанбасын деп тілеймін. Біздің қолымыздан келетіні құрбан болғандар мен олардың отбасы мүшелері үшін, Отанымыз үшін дұға ету. Біз Қазақстан халқымен біргеміз.


Бөлісу