Басты Жаңалықтар Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды

Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды

Алматыда өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды. Қылмыстық топ тұрғынды қарумен қорқытып, көлікке күштеп отырғызып, қала сыртына алып кеткен. Кейін оны туысына қоңырау шалуға мәжбүрлеп, 3 миллион теңге талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін күдіктілер ұсталды. Олардың барлығы бұрын сотталған. Тінту кезінде екі мылтық, карабин, газ тапаншасы және оқ-дәрілер тәркіленді. Осыған ұқсас қылмыс Ақтөбе облысында да тіркелді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.


Бөлісу