Биыл мемлекетке 1 млн гектардан астам жер қайтарылды
Қазақстанда соңғы төрт жылда мемлекет меншігіне
15,6 миллион гектар жер қайтарылған. Оның 13,5 миллионы қайта бөлінді. Бұл
туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің өкілдері
мәлімдеді. Қайтарылған жердің 5,5 миллион гектары елді мекендердің айналасындағы
жайылым тапшылығын өтеу үшін жергілікті тұрғындарға берілген. Ал 8 миллион
гектар жер конкурс арқылы ұйымдасқан шаруашылықтарға ұсынылған. Жерді қайтару және
қайта бөлу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүргізіліп жатыр.
Оның орындалуы бірнеше ақпараттық жүйе арқылы бақыланады. Соның ішінде «Жер
инспектор» жүйесі мен zherreskarta.kz платформасы бар. Оларды біріктіру арқылы
мамандар өңірлер мен аудандардағы жер қозғалысын бақылауға мүмкіндік алған.
Биыл да комитеттің аумақтық бөлімшелері 1 миллион гектардан астам аумақта мыңнан
аса жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 1,2 млн гектар жерді мемлекетке қайтарды.
Жер мәселесіндегі өзгерістер жайылым тапшылығын жоюға сеп болды. Ресми мәліметке
сүйенсек, соңғы төрт жылда елдегі жайылым тапшылығы 8,4 миллион гектардан 2,4
миллион гектарға дейін азайған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы