Өскеменде «Білім және денсаулық» атты оқушылар көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде «Білім және денсаулық» атты оқушылар көрмесі өтті

21.04.2015
Өскеменде «Білім және денсаулық» атты оқушылар көрмесі өтті

«Балалардың бір-бірімен тәжірбие алмасып, өз ойларын ортаға салуы оқу үрдісіне жаңа леп береді», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Көрмеге келген меймандарды «Нұр Орда» мектебінің оқуышыларынан құралған оркестр қарсы алды.

Көрме барысында олар өздерінің әртүрлі инновациялық жобаларын басқа мектеп оқушыларына кеңінен таныстырды.

Шараның өтуіне ұйытқы болған халықаралық «Кatev» қоғамдық қоры өкілдерінің пікірінше, балалардың өзара тәжірбие алмасуынан мектеп тек ұтады.

Екі күн бойы өткен «Білім және денсаулық» көрмесіне Өскемен мен жақын аудандардағы мектептерде оқитын барлығы 3 мыңға жуық оқушы қатысқан.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу