ШҚО-да «Балдырған» олимпиадасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да «Балдырған» олимпиадасы өтті

22.04.2019

3-4-ші сыныптағы 350-ден астам озат оқушы Өскеменде бас қосып, өзара үздіктерін анықтады. Білім сайысы қазақ және орыс тілі, математика, ағылшын тілі, дүниетану және бейнелеу өнері бойынша өтті.

Шараның негізгі мақсаты – дарынды балаларды анықтау. Олимпиаданы облыстық Білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы өткізді. Облыс орталығына барлық аудан мен қаладан келген оқушылар бұл күні мәдени-танымдық бағдарламаны да тамашалады.

Милана Матющенко, 4-сынып оқушысы:

- Мен қазақ тілі пәнінен қатыстым. Бұрын екі рет осындай олимпиадаға келіп, бірінші орын алғанмын. Бүгін де мен бірінші орын алуға үміттенемін.

Бекзат Сырлыбаев, 4-сынып оқушысы:

- Үржар ауданы Таскескен ауылындағы Ы.Алтынсарин мектебінен орыс тілі бойынша олимпиадаға келіп отырмын. Сұрақтарға толықтай жауап бердім деп ойлаймын және бірінші орын алуға үміттенемін.

Берік КӨШЕРБАЙ  

Хабарламаларға жазылу