Ақтөбеде «Жарқын болашақ жастардың қолында!» атты білім көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Жарқын болашақ жастардың қолында!» атты білім көрмесі өтті

13.04.2015
Ақтөбеде «Жарқын болашақ жастардың қолында!» атты білім көрмесі өтті

Мақсат – елімізде өтетін «EXPO-2017» көрмесі аясында жасөспірімдердің инновациялық технологияларды зерттеу қабілеттерін арттыру.

Көрменің негізгі идеясы – «Тіл – достықтың арқауы!». Өз жобаларын әкелген оқушылардың дені қазақ тілін тез әрі еркін меңгеру жолдарын ұсынды.

Дарынды оқушылардың жұмыстарына деген көрермендер қызығушылығы зор болды. Көрмені тамашалауға қала мектептерінен 1000-нан аса оқушы мен студенттер келді.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу