Халықаралық музей күніне орай «Музей әлеміне саяхат» атты балалар көркемсурет көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық музей күніне орай «Музей әлеміне саяхат» атты балалар көркемсурет көрмесі ашылды

17.05.2016
Халықаралық музей күніне орай «Музей әлеміне саяхат» атты балалар көркемсурет көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық музей күніне орай «Кескіндеме және графика» үйірмесі қатысушыларының жұмыстарынан құралған «Музей әлеміне саяхат» атты балалар көркемсурет көрмесі ашылды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.

Көрменің ашылуында сөз алған «Шебер» студиясының «Кескіндеме және графика» үйірмесінің жетекшісі Мұхтар Байбосынов мұндай іс-шаралар өнерлі балалар үшін өте қажет екенін айта келе, көпшілікке ұсынылған суреттердің жалпы мазмұнына тоқталып өтті.

«Бүгін мында 40-қа жуық туынды қойылған. Бұл жұмыстардың барлығы да балалардың жүрегінен шыққан. Олардың биік белестерден көрінуі үшін осындай іс-шараларды әрі қарай да жалғастыра беруіміз керек. Оқушылар Қазақстандағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен тыныштықты бейнелеген», - деді М.Байбосынов.

Айта кетейік, іс-шараның басты мақсаты – үйірме оқушыларының шығармашылық жұмыстарын қорытындылау және жасөспірімдердің эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру.

Хабарламаларға жазылу