Павлодарда «Білім және денсаулық» атты көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Білім және денсаулық» атты көрме өтті

09.04.2015
Павлодарда «Білім және денсаулық» атты  көрме өтті

Павлодар облыстық  Білім беру басқармасы мен қазақ-түрік лицейінің ұйымдастыруымен «Білім  және денсаулық» атты көрме өтті.   

Көрме барысында ұстаздар мен оқушылардың бірлесіп жасаған ғылыми-жобалары мен тәжірибелік сынақтар ұсынылды.

Биология пәні бойынша  оқушылар грек жаңғағының адам миына ұқсастығын және оның пайдасы туралы қызықты деректер келтірді.

Математикадан формулалардың шешілу жолдары мен геометриялық фигуралар ұсынылды.  

Информатика пәнінің мұғалімдері Ерхан Міндетбай және Ерлан Қоңырбаевтың жетекшілігімен оқушылар құрастырған  8 робот көпшілік тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Роботтар фото және видео түсіруге,   компьютермен интерактивті   байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Мұндай шара Павлодар өңірінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.  

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу