Тың жаңалықты Технологияларды коммерцияландыру орталығы қолдап, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынамаға 45 мииллион теңге көлемінде грант бөлді.
Шағылтас өндірістік, азаматтық құрылыста кеңінен пайдаланылады. Еліміздің батыс өңірлерінде аталған өнімді өндіретін Мұғалжар кеніші Ақтөбе облысында орналасқан.
Тиісінше Орал мен Атырауға тасымалдау өнімнің өзіндік құнын арттыра түседі. Ал, жасанды шағылтас, өзінің табиғи туысына қарағанда екі есеге жеңіл, әрі 30-40 пайызға жылу ұстағыш.
Облыста жасанды шағылтасқа шикізат болатын кремнийлі тау жынысының 60 миллион тоннадай қоры бар. Бұл жобаның даму мүмкіндігін молайтады.
Орал мен Атырау өңірлеріне жыл сайын 1 миллион 895 мың текше метр шағылтас қажет болса, жоба авторлары аталған нарықтың 10 пайызын қамтуды көздеуде.
Рауан ДИӘЛИ