Түркістан өлкесін зерттейтін ғылыми орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан өлкесін зерттейтін ғылыми орталық ашылды

25.10.2014
Түркістан өлкесін зерттейтін ғылыми орталық ашылды

Таразда Түркістан өлкесінің тарихын зерттейтін ғылыми орталық ашылды. Енді мұнда бүгінгі күнге дейін беймәлім болып келген құжаттардың дерекқоры мен көп томдық жинақтар, монографиялық еңбектер дайындалады. Бұл жұмыстарға Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан мемлекеттерінің тарихшылары да тартылмақ. Себебі, отандық ғалымдардың айтуынша, көптеген тарихи дерек көздері шетелдердегі мұрағаттарда қалып қойған.

Сонымен қатар орталықта Тараз өңірі мен Әулиеата уезінің тарихына да кешенді зерттеулер жүргізілетін болады. Қазірдің өзінде орталық алдағы үш жылдың жұмыс жоспарын әзірлеп қойыпты. Келешекте тарихшы ғалымдар жеті бағытта жұмыс істейді. Айта кету керек, зерттеу жұмыстарына Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының  студенттері де ат салысады.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ 

Хабарламаларға жазылу