Астанада «Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» атты көрме ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» атты көрме ашылады

01.10.2014
Астанада «Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» атты көрме ашылады

3 қазанда Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Ресей Этнографиялық музейінің қор жинағынан «Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» атты көрмесі ашылады.  Бұл шара «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында  өтеді. 

Ресей этнографиялық музейі Еуразия халқының дәстүрлі ескерткіштерін зерттейтін және сақтайтын әлемдегі ең ірі этнографиялық музейлердің бірі. Музей жинағында ерекше ғылыми және эстетикалық құндылығы бар 500 000 астам жәдігер бар.  Көрмеде Шығыс Еуропа, Кавказ, Сібір және Орталық Азия халықтарының этнографиялық материалдары қамтылған. 

 Көрменің негізгі мақсаты - келушілерді Орталық Шығыстың ең маңызды саяси орталықтарының бірі Бұхар әмірлігінің билік элитасының субмәдениетімен таныстыру.

 

Хабарламаларға жазылу