Назарбаев Университеті мен «Carl Zeiss AG» компаниясы арасында стратегиялық ынтымақтастық орнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев Университеті мен «Carl Zeiss AG» компаниясы арасында стратегиялық ынтымақтастық орнады

11.09.2014
Назарбаев Университеті мен  «Carl Zeiss AG» компаниясы арасында стратегиялық ынтымақтастық орнады

Бүгін Назарбаев Университеті мен Германияның «Carl Zeiss AG» компаниясы арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы құжат бекіді.

Келісімге жоғары оқу орнының президенті Шигео Катсу мен «Carl Zeiss AG» директорлар кеңесінің мүшесі  Томас Шпиценпфайль қол қойды.

Екіжақты серіктестік жоғары оқу орнының студенттері үшін физика, биология, медицина, микроскопия бағыттары бойынша терең білім алып, тәжірибе алмасуға сеп болмақ.

Жоғары оқу орны қызметкерлерінің айтуынша, келісімге қол қоюдың тағы бір себебі, болашақта  Назарбаев Университетінде микроскопия бойынша бірлескен орталық құру көзделіп отыр.

 «Carl Zeiss AG» - бүгінде оптика саласында үлкен жетістіктерге жеткен неміс компаниясы.

Томас Шпиценпфайль, «Carl Zeiss AG» директорлар кеңесінің мүшесі:

Бұл серіктестік жоғары оқу орнына  үлкен мүмкіндіктер береді. Әсіресе, микроскопия саласында. Өйткені, студенттер осы саланы меңгеру барысында арнайы бағдарламалар бойынша оқып, заманауи жабдықталған құрылғылармен жұмыс істейтін болады.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу