АҚШ бизнес мектебінің мамандары Қазақстанда дәріс береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ бизнес мектебінің мамандары Қазақстанда дәріс береді

13.03.2014
АҚШ бизнес мектебінің мамандары Қазақстанда дәріс береді

АҚШ-тың Дьюк университеті бизнес мектебінің мамандары қазақстандық бизнесмендерге дәріс береді. Бүгін Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде «Executive MBA» бағдарламасы бойынша тыңдаушыларды қабылдау басталды.

 
Бағдарлама маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, стратегия, менеджмент саласын қамтиды. Оған «ӨзенМұнайГаз», «Самұрық-Қазына» секілді ір компаниялардың мамандары қатысады. Оқу екі аптаға созылмақ. Тыңдаушылардың қызметіне кедергі келтірмес үшін, тек демалыс күндері жүргізіледі.
 
Дженнифер Франсис, Дьюк университеті Фукуа бизнес мектебі қауымдастығының деканы (АҚШ):
Назарбаев университеті біздің стратегиялық серіктесіміз. Осы бағдарлама аясында бірлесіп жұмыс істегенімізге екі жыл болды. Биыл қараша айында алғашқы топтың оқуы аяқталады. Оқудың алғашқы кезеңінде біз статистика, есеп-қисап, экономика саласын, ал екінші кезеңінде бизнес жоспарын құру, маркетинг жүйесі дамыту бойынша тереңдетіп оқытамыз.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ
 

Хабарламаларға жазылу