Өскемендегі тұңғыш қазақ гимназиясы – облыстың ең үздік мектебі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендегі тұңғыш қазақ гимназиясы – облыстың ең үздік мектебі

02.09.2014
Өскемендегі тұңғыш қазақ гимназиясы – облыстың ең үздік мектебі

Өскемен қаласындағы № 3 мектеп-гимназия Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең үздік орта білім беру ұжымы атанды.

Жалпы, биылғы оқу маусымында Шығыс өңірінде барлығы 687 мектеп шәкірттерге есігін айқара ашты. Олардың 6-ы жаңадан салынған.

Бұл – 25 жыл бұрын ашылған Өскемен қаласындағы тұңғыш қазақ мектебі.

Қазір мұндағы 1500-ден астам оқушының жартысынан көбі бастауыш сыныпта оқиды.

Биыл бұл мектептің табалдырығын 200-ге жуық бала алғаш рет аттап, жеті 1-ші сынып ашылды.

Берік КӨШЕРБАЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу