Астана қаласының үздік мектептері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының үздік мектептері анықталды

15.01.2015
Астана қаласының үздік мектептері анықталды

Астана қаласында 9-10 қаңтар аралығында №66 мектеп-лицейі мен №6 елордалық гимназия базасында оқушылар арасында республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.

Олимпиада екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңге 672 оқушы қатысып, қазылар алқасының шешімімен, екінші кезеңге 523 оқушы жолдама алды.

Оқушылар өз білімдерін 15 пән бойынша сынады. Оларға Астана қаласы жоғары оқу орындарының  ғалымдары баға берді.

Қазылар алқасының шешімімен,  1-орынды 48 оқушы, 2-орынды 92 оқушы, ал 3 орынды 139 оқушы иеленді.

Сондай-ақ, олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласының үздік мектептері анықталды:

1. Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейі;

2. Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі;

3. № 66 мектеп-лицейі;

4. № 60 мектеп-лицейі;

5. № 6 гимназиясы.

 

astana.kz

Хабарламаларға жазылу