Жаңа оқу жылында Астанада үш мектеп ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа оқу жылында Астанада үш мектеп ашылады

08.08.2015
Жаңа оқу жылында Астанада үш мектеп ашылады

Жаңа оқу жылында Астанада тағы үш мектеп ашылмақ.

Есіл ауданы Орынбор көшесі 22/1 мекен-жайы бойынша орналасқан №77 мектеп-гимназиясы, Комсомольский тұрғын алабындағы Е246 көшесінде орналасқан №79 мектеп-гимназиясы және «Батығай» тұрғын алабында орналасқан дарынды балаларға арналған «Astana English school» мектебі.

Мектеп ғимараттарының әрқайсысы 1200 орынға лайықталған.

Қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, ағымдағы жылы 17 мыңнан астам оқушы 1 сыныпқа бармақ. Өткен жылмен салыстырғанда, мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер саны екі мыңға артқан.

Хабарламаларға жазылу