Омбы облысының 16 елді мекенінде қазақ тілі оқытылады

13.10.2014
Омбы облысының 16 елді мекенінде қазақ тілі оқытылады

Омбы облысының Павлодар өңірімен шекаралас 16 елді мекенінде қазақ тілі оқытылады. Бұл туралы Омбы облысы білім беру ұйымдары өкілдерінің Павлодар облысына жұмыс сапарында белгілі болды.

Ресейлік ұстаздар Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мектебі, №8 лицей-мектебі, Назарбаев зияткерлік мектебі, облыстық оқушылар сарайы, Павлодар қаласының №25 орта мектебі және Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында болды.

Омбылық мұғалімдер облыстың білім беру саласындағы балалар дарындылығын ұштау, үш тілде оқыту, балаларға адамгершілік-рухани тәрбие беру жөнінде жұмыс тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, Омбы облысының Павлодар өңірімен шекаралас 16 елді мекеніндегі мектептерде оқу жоспарының этномәдени компоненті құрамында қазақ тілі арнайы пән және факультатив пәні ретінде оқытылып келеді. Білім беру бойынша қазақстандық оқулықтар қолданылады, деп жазады pavlodarnews.kz. 

Сурет: pavlodarnews.kz. 

Хабарламаларға жазылу