Оралда Күннен қуат алатын электромобиль жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда Күннен қуат алатын электромобиль жасалды

16.07.2014
Оралда  Күннен  қуат алатын электромобиль жасалды

Оралда  Күн сәулесінен қуат алатын электромобиль жасалды. Елімізде баламасы жоқ көлікті «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің екі студенті құрастырған.

Экологиялық таза көлік жылдамдығын сағатына 55-60 шақырымға дейін жеткізе алады. Әрі салмағы да жеңіл, жарты тонна ғана.

Көліктің төбесінде орнатылған Күн сәулесі батареялары электр қуатын гелий аккумуляторына жинайды.

Бұл қондырғылардың тығыздығы қарапайым сілтілік аккумуляторларға қарағанда 16 есе жоғары.

Сондықтан, оралдық электромобиль бұлтты күні де тоқтамастан бір тәулік бойы жол жүре алады.

Жас шеберлер  бұл көлікті 3 айда  жасаған.

Сергей Офицеров, өнертапқыш:

Болашақта  осындай электромобильдің қысқы  түрін жасап шығаруды жоспарлап отырмыз. Оның есіктері, жылыту жүйесі болады. Сосын ол көліктің құжаттарын рәсімдеп, нөмір алып, қалада жүрсек, дейміз.

 

 Рауан ДИӘЛИ

 

Хабарламаларға жазылу