Ақтөбе облысында үш ауысымды мектептер азайды
Өткен жылы 2 білім нысаны салынып, мектептер 2 ауысымға көшті. Осылайша өңірде білім сапасын арттыруға бағытталған іс қарқынды жүзеге асуда.
Әмина - озат оқушы. Біліммен қатар өнерге де ден қойған. Мектеп жанындағы бірнеше үйірмеге қатысады. Тіл үйреніп, ұлттық аспапты шертіп жүр. Аз уақыт ішінде «Келіншек», «Балбырауын» күйлерін меңгеріп алды. Спортқа бет бұру да ойында бар. Ол үшін мүмкіндік зор.
Әмина Аманжанова, оқушы:
Бұрынғы көне мектебіміз бізге тар болды. Өзіміздің домбыра тартатын кабинетіміз болған жоқ. Би үйірмесіне қатысатын кабинет болған жоқ. Қазіргі мектебімізде ойымыздағының барлығын жүзеге асыра аламыз. Мен қазір хор, би, домбыра және орыс тілі үйірмесіне қатысамын.
Құрашасай ауылында Әмина секілді 300-ге жуық оқушы бар. Бұған дейін олар тар мектепте 3 ауысыммен оқыды. Мұғалім мен оқушыға оңай болмады. Жуырда ауылда зәулім білім ордасы салынды. Кең ғимарат түгел жабдықталған. Оқу кластарынан өзге әдістемелік бөлмелер бар. 9 үйірме жұмыс істейді.
Айша Дәуітова, Құрашасай орта мектебі директорының орынбасары:
Қазір мектеп оқушылары екі ауысыммен оқиды. Бірінші ауысымда 9 сынып, екінші ауысымда 6 сынып. Мұғалімге де, оқушыға да өте қолайлы.
Құрашасай мектебінің мәселесі шешілді. Алайда, облыста 3 ауысыммен оқытатын тағы 6 мектеп бар. Үш ауысымды жою үшін қала маңындағы ауылдарда 2 мың орындық 3 мектептің құрылысы басталды. Тағы 1 мектептің жобасы әзір.
Жанат Самұратова, облыстық Білім басқармасының басшысы:
4 мектеп республикалық бюджет арқылы салынбақшы. Ұсыныстарымызды беріп, республикалық бюджет есебінен жаңа 2 мектеп саламыз деген ойымыз бар.
Соңғы екі жылда жергілікті қазынадан қаржы бөлініп, 21 мектеп салынды. Ауыл, елді мекендегі білім ордалары жаңарды. Ендігі мақсат - облыс орталығында құрылысты көбейту. Қала іргесіне қоныстанушылар көп. Оқушы қатарының артуы содан. 2015-ші жылы оларды түгел қамтылып, 3 ауысымды оқыту түбегейлі жойылады деген жоспар бар.
Әлия ТАЛАСОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл» партиясы сайлауалды бағдарламасын, Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін және Саяси кеңестің жаңа құрамын бекітті
06.07.2026, 14:22
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
05.07.2026, 20:03
ӘЧ-2026: Футбол матчтарына 5 млн-нан астам адам келген
05.07.2026, 19:48
Астанадағы Ұлттық музейде Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ тақтасы бар
05.07.2026, 19:44
Жол апаты неге азаймай тұр?
05.07.2026, 19:42
Алғаш рет әкімшілік істер бойынша жауапқа тартылған азаматтарға рақымшылық жасалады
05.07.2026, 19:40
Құрылтай сайлауына партиялар кандидаттар тізімін бекіте бастады
05.07.2026, 19:32
Қос палаталы Парламент: 3,5 мыңға жуық заң қабылданды
05.07.2026, 19:31