Құрылтай сайлауына партиялар кандидаттар тізімін бекіте бастады
Сонымен президенттің жарлығымен 23 тамыздда жоғары заң шығарушы орган – Құрылтай сайлауы өтеді.
Тіркелген 7 партия жұмада Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысуға әзір екендерін мәлімдеді.
Мәжіліс пен Сенаттың соңғы отырысында Қ. Тоқаев Құрылтайға байланысты бірнеше дүние айтқан: «Құрылтай басты заң шығарушы орган ретінде барлық бағыт бойынша сабақтастықты және институционалдық дәстүрді сақтап, жылдар бойы қалыптасқан бірегей парламенттік мәдениетті жоғалтпай, оны одан әрі дамытуға баса мән беруге тиіс».
Сонымен бірге халық реформалардың қаншалықты нәтижелі болғанын дәл осы Құрылтайдың қызметіне қарап бағалайды деді.
Тағы бір сөзі: «Депутаттардың бірқатары Құрылтайға өтіп, ел игілігі жолында еңбек ете береді деп ойлаймын. Қазақстан Халық Кеңесінде де өздеріңіз секілді білікті азаматтар болуы керек деп санаймын».
Айтпақшы, осы аптада президент «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» жарлыққа және конституциялық заңға қол қойды. Кеңестің Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайды біріктіру негізінде құрылғаны мәлім.
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда конақүй көп салына бастады
13.10.2026, 13:17
Жыл басынан бері 299 дроппер сотталды
13.10.2026, 13:15
Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
13.10.2026, 13:13
Түркітілдес жастар фестивалі өтті
13.10.2026, 13:10
Қаңтар-маусымда Қазақстанның ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті
13.10.2026, 13:07
Халық кеңесі қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтады
13.10.2026, 13:07
Бельгия Королі мен Патшайымының Қазақстанға сапары шетелдік БАҚ назарында
13.10.2026, 13:06
Израильдің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар 75 мыңға жуықтады
13.10.2026, 13:05