Х Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Х Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аяқталды

18.01.2014
Х Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аяқталды

Алматыда 13 қаңтарда бастау алған Х Халықаралық Жәутіков олимпиадасы мәреге жетті. Әлемнің 17 мемлекетінен келген 59 команда мен 390-ға жуық қатысушының ішінен математика, физика және информатика пәндерінің үздіктері анықталды.

 
Жәутіков олимпиадасын өткізу арқылы мамандандырылған ең үздік мектептер мен дарынды балаларды анықтау дәстүрге айналған. Ел болашағы - бәсекеге бейім балаларды іріктеп, оларға қолдау көрсету олимпиаданың басты мақсаты. Жыл сайын жарысқа қатысушылардың саны артып, бәсеке күшеюде.
 
Биылғы олимпиадада 35 қатысушы алтын, 63-і күміс және 85 олимпиадашы қола медальмен марапатталды. Соның ішінде Қазақстанның еншісінде 5 алтын, 18 күміс, 25 қола медаль бар. Ал, жалпы командалық есепте бас жүлдені ресейліктер, 1-орынды Қазақстан жеңіп алса, 2-орынды Беларусь Республикасы мен Болгариядан келген командалар өзара бөлісті. Ал, Сербия мен Грузиядан келген командалар 3-орынға тұрақтады. Барлық 183 жүлдегерге Назарбаев Университетінің, сондай-ақ Қазақ-Британ Техникалық Университеті мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеттерінің гранты табыс етілді.
 
Владислав Макеев, информатикадан алтын алқа иегері, Мәскеу құрамасы:
Олимпиадада қиын тапсырмалар мен мықты қарсыластар болды. Негізі мен 2-орынға тұрақтайтын шығармын деп қауіптенгенмін. Алтын алғаныма қуаныштымын. Біз жарыстан бөлек, түрлі іс-шаралар мен ойындарға қатыстық. Алматы қаласының көркем жерлерін араладық.
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу