«Kazsport» телеарнасы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының 2018 жылғы қысқы Олимпиадаға іріктеу турниріндегі барлық кездесулерін көрсетеді
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін 2018 жылғы қысқы Олимпиадаға іріктеу турнирі ойындары 3, 4, 6 қарашада Астанада болады.
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы G тобында Польша, Мексика мен Ұлыбритания командаларымен кездеседі. «Kazsport» телеарнасы құраманың барлық ойындарын көрсетеді.
IIHF рейтингінде біздің құрама 18-ші орында, Ұлыбритания 21-ші орында, Польша 22-де, ал, мексикалықтар 26-шы сатыда.
Ойындар кестесі:
3 қараша
15:00 Ұлыбритания - Мексика
19:00 Польша - Қазақстан (LIVE)
4 қараша
15:00 Ұлыбритания - Польша
19:00 Қазақстан - Мексика (LIVE)
6 қараша
12:00 Мексика - Польша
16:00 Қазақстан - Ұлыбритания (LIVE)
Барлық кездесулер «Барыс Арена» мұзайдынында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бірқатар лауазымды әскери тұлға күдікке ілінді
25.09.2026, 13:12
3 әскери қызметшінің мәйіті туған жеріне жеткізілді
25.09.2026, 13:06
Каспийде іздестіру жұмыстары аяқталды
25.09.2026, 13:03
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 11:13
Мәскеуде Қазақстан елшілігі ғимаратындағы Ту төмен түсірілді
25.09.2026, 11:12
Ресей президенті Маңғыстаудағы сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты
25.09.2026, 11:10
Ауруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:09
Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
25.09.2026, 11:08