Басты Жаңалықтар 3 әскери қызметшінің мәйіті туған жеріне жеткізілді

3 әскери қызметшінің мәйіті туған жеріне жеткізілді

Маңғыстаудағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 3 әскери қызметшінің мәйіті Оралға жеткізілді. Батыс Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Гилаждың денесі арнайы рейспен әкелінді. Қаза тапқан әскери қызметшілерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең өтеді. «Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Аталған жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында», - делінген ресми хабарламада. Бүгін табылған оралдық төртінші әскери қызметші Мансұр Гумаровтың денесі де туған жеріне жеткізілмек.


Бөлісу