Басты Жаңалықтар Ауруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады

Ауруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады

Каспийдегі төтенше жағдайдан құтқарылған сарбаз есін жинады. Ол Маңғыстаудағы облыстық ауруханаға жеткізілген еді. Жағдайы тұрақты. Қазір терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің бақылауында.

Бекболат Ізбасаров, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында болған қайғылы жағдай бойынша сарбаздардың біреуі облыстық ауруханаға жеткізілген болатын. Түскен кезде барлық тексерістен өтіп, қазіргі кезде жағдайы тұрақты. Терапия бөлімшесінде ем қабылдауда. Сарбаздың жағдайы тұрақты.

Есін жиған сарбаз Ақжол Темірәлиевтің ауруханада жақындарымен әңгімелесіп жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады.


 




Бөлісу