Басты Жаңалықтар Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі, яғни «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау» және 465-бап «Кеме жүргізу қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу аясында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көрсетілетін көмектің ашық әрі толық жеткізілуін қамтамасыз ету міндеттелді. Үкіметтік комиссияның жұмысы жалғасып жатыр. Оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты.


Бөлісу