Бірқатар лауазымды әскери тұлға күдікке ілінді
Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты бірқатар лауазымды тұлға күдікке ілінді. Бас прокуратураның дерегінше, іс бойынша 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды. Тергеу үшін қажетті құжаттар мен бейнематериалдар зерделеніп жатыр. 12 сараптама белгіленген. Жиналған деректер бірқатар лауазымды тұлғаның қызметтік міндетіне салғырт қарағанын көрсетіп отыр. Күн райының қолайсыздығына қарамастан, олар жеке құрамның қауіпсіздігіне қатысты қажетті шараларды дер кезінде қолға алмаған. Бұған қоса төтенше жағдай кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастырудан да олқылықтар кеткен. Қазір күдікке ілінген лауазымды тұлғалардың іс-әрекеті жеке-жеке зерделеніп жатыр. Тергеу қорытындысында олардың жауапкершілігіне құқықтық баға беріліп, заң талаптарына сай тиісті шешім қабылданады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы