Басты Жаңалықтар Каспийде іздестіру жұмыстары аяқталды

Каспийде іздестіру жұмыстары аяқталды

Каспийде іздестіру операциясы аяқталды. Түнімен жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде бүгін түске таман 2 сарбаздың денесі судан шығарылды. Ал ауруханада жатқан сарбаз есін жиды, қазір денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Ол терапия бөлімінде ем алып жатыр, дәрігерлердің жіті бақылауында деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Сарбаз Ақжол Темірәлиевтің жақындарымен сөйлесіп жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ауқымды іздестіру-құтқару операциясына 252 әскери қызметші мен қызметкер жұмылдырылды. 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ 4 тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі іздеу жұмыстарына ат салысты. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Бөлісу