Еуро-2016. Германия құрамасы Словакияны 3:0 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Германия құрамасы Словакияны 3:0 есебімен ұтты

27.06.2016
Еуро-2016. Германия құрамасы Словакияны 3:0 есебімен ұтты

Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі Германия мен Словакия құрамаларының арасындағы ойын аяқталды.

Бұл ойында Германия құрамасы Словакияны 3:0 есебімен ұтты. Бірінші таймның 8-ші минутында Германия құрамасының футболшысы Джером Боатенг гол соғып, есепті ашты. Ал, тайм соңында яғни, 43-ші минутта Марио Гомес есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймның 63-ші минутында Юлиан Дракслер Германия құрамасының үшінші голын салып, құрамасына маңызды жеңіс сыйлады.

Германия – Словакия 3:0

Гол: 1:0 – 8 Боатенг, 2:0 – 43 Гомес, 3:0 – 63 Дракслер.

Германия – Нойер, Хуммельс, Боатенг (Хеведес, 72), Хектор, Кроос, Киммих, Озил, Хедира (Швайнштайгер, 76), Дракслер (Подольски, 72), Гомес, Мюллер.

Словакия – Козачик, Шкртел, Шкриньяр, Дьомбер (Салата, 84), Дюрица, Куцка, Грошовски, Вайсс (Грегуш, 46), Гамшик, Пекарик, Дюриш (Шестак, 64).

Хабарламаларға жазылу