ЕУРО-2016. Уэльс құрамасы Словакияны 2:1 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕУРО-2016. Уэльс құрамасы Словакияны 2:1 есебімен ұтты

12.06.2016
ЕУРО-2016. Уэльс құрамасы Словакияны 2:1 есебімен ұтты

Еуро-2016 турнирінің «В» тобындағы Уэльс-Словакия арасындағы матч 2:1 есебімен аяқталды.

Тартысты өткен ойынның басында Гарет Бэйл айып добын мүлтіксіз орындап, өз елінің Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіндегі алғашқы голын соқты. Матчтағы келесі доп 61-ші минутта соғылды. Оның авторы – словакиялық Ондрей Дуда. Ал, кездесудегі жеңіс голын Рэмзиден пас алған Хэл Робсон-Кану соқты.

Осылайша, Уэльс әзірге өз тобында көш бастады. Бұл ойынның қайталауын ертең, 12 маусымда, «Kazsport» телеарнасы сағат 13:20-да көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу