Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия – Италия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия – Италия матчын тікелей эфирде көрсетеді

02.07.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Германия – Италия матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Еуропа чемпионатының ширек финал кезеңіндегі үшінші ойын Германия – Италия құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Германия құрамасы плей-офф кезеңінде Словакияны 3:0 есебімен ұтса, Италия құрамасы Испанияны 2:0 есебімен жеңген.

Бұл ойынға дейін Германия мен Италия құрамалары 20 рет кездескен. 5 матчта Германия құрамасы жеңіске жетсе, Италия 11 ойында ұтқан. 4 кездесу тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Германия 4-ші орында, ал, Италия құрамасы 12-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Германия – Италия матчының қайталауын ертең, 3 шілдеде «Kazsport» телеарнасынан сағат 16:30-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу