Еуро-2016. Германия құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Германия құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтты

22.06.2016
Еуро-2016. Германия құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтты

Еуропа чемпионатының «С» тобындағы Солтүстік Ирландия мен Германия құрамаларының арасындағы 3-ші тур ойыны аяқталды.

Бұл ойында Германия құрамасы Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтты. Бірінші таймның 30-шы минутында Германия құрамасының футболшысы Марио Гомес гол салып, құрамасын алға шығарды. Ал, екінші таймда құрамалар алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады. Қорытынды есеп – 1:0.

Айта кетейік, Германия құрамасы 7 ұпаймен топта көш бастап, чемпионаттың плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Хабарламаларға жазылу