ЕУРО-2016. Швейцария құрамасы Албания командасын 1:0 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕУРО-2016. Швейцария құрамасы Албания командасын 1:0 есебімен ұтты

11.06.2016
ЕУРО-2016. Швейцария құрамасы Албания командасын 1:0 есебімен ұтты

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының 2-ші жарыс күні басталды. Алғашқы ойын «А» тобындағы Албания мен Швейцария командалары арасында өтті.

Тартысты өткен матчта швейцариялық футболшылар 1:0 есебімен басым түсті. Голды 5-ші минутта Фабиан Шер соқты. Айта кетейік, ойынның 37-ші минутында Албания құрамасының капитаны Лорик Цана екінші сары қағаз алып, алаңнан кетті.

Осылайша швейцариялық футболшылар «А» тобында Франция құрамасынан кейін 2-ші орынға шықты, албаниялықтар өздерінің алғашқы Еуропа чемпионатын жеңілістен бастады.

Еске сала кетейік, бұл ойынның қайталауын ертең, 12 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 08:25-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу