Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Швейцария-Франция матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Швейцария-Франция матчын тікелей эфирде көрсетеді

19.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Еуро-2016 аясындағы Швейцария-Франция матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «А» тобындағы Швейцария мен Франция құрамалары арасындағы 3-ші тур ойындары өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Швейцария құрамасы Албанияны 1:0 есебімен ұтқан. Екінші турда Румыниямен 1:1 есебімен тең ойнаған. Ал, Франция құрамасы алғаш Румынияны 2:1, 2-ші турда Албания құрамасын 2:0 есеебімен жеңген.

Бұл ойынға дейін Швейцария мен Франция құрамалары 39 рет кездескен. Швейцария 12 ойында жеңіске жетсе, Франция 18 рет ұтқан. 9 матч тең аяқталған.

FIFA рейтингінде Швейцария 15-ші орында, Франция құрамасы 17-ші сатыда орналасқан.

Айта кетейік, Швейцария-Франция матчының қайталауын ертең, 20 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 15:10-да көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу