Еуро-2016. Албания құрамасы Румынияны 1:0 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Албания құрамасы Румынияны 1:0 есебімен ұтты

20.06.2016
Еуро-2016. Албания құрамасы Румынияны 1:0 есебімен ұтты

Еуропа чемпионатының «А» тобындағы Румыния мен Албания құрамаларының арасындағы 3-ші тур ойыны аяқталды.

Бұл ойында Албания құрамасы Румынияны 1:0 есебімен ұтты. Бірінші таймның 43-минутында Албания құрамасының футболшысы Армандо Садику гол салып, құрамасын алға шығарды. Ал, екінші таймда құрамалар алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады. Қорытынды есеп – 1:0.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына тұңғыш рет қатысып жатқан Албания құрамасы біріншіліктегі тұңғыш голы мен алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Хабарламаларға жазылу