Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындауға барлық өнер ұжымдары атсалысу керек.
Бұл көпшілікті жырмен сусындатқан алматылық өнерпаздардың ортақ ойы. Олардың сөзінше, ұлт алыптарының мазмұнды шығармалары жасампаз мұра. Ал, сол асыл құндылықтарды қайта жаңғырту халқымыздың рухани кемелденуіне жол ашады. Сондықтан, сан ғасырлық тарихы бар қазақтың жыр-термесі мен күйлері ұлттық тарихи сананың сақшысы, - дейді, өнертанушылар.
Рамазан Стамғазиев, дәстүрлі әнші:
- Рухани жаңғыру осы кейінгі кезде үлкен толқын болып жатыр. Өйткені, біздің көнеден келе жатқан дүниелерімізді әрбір үлкен театрдың сахналарында, әлемдік сахналарда, республика көлеміндегі сахналарда қайтадан басқа бір қырынан жаңғырып жатқаны бізді қатты қуантады.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ