Бақытбек Смағұл: Рухани жаңғыру мәселесінде өзіміздің санамызды өзгертуге тиіспіз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытбек Смағұл: Рухани жаңғыру мәселесінде өзіміздің санамызды өзгертуге тиіспіз (ВИДЕО)

29.08.2017

Бүгін  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл «Таңшолпанға»   қонаққа келді.

Халық қалаулысы ұлттың рухани жаңғыру кезеңі, елдің  рухани жетістігі, «Экспо -2017» көрмесі төңірегінде келелі  әңгіме қозғады.

«Рухани жаңғыру - Қазақ елінің тәуелсіз таңдауы, тәуелсіз сана қалыптастыруы.  Бұл студияларыңыздан да байқалып тұр. Қазақстанның латын қарпіне көшуі -оның ұлттық санасына уыздай ұйыған ұлт бірлігі үшін аса маңызды», -дейді студия қонағы.    

Сондай-ақ, сұхбат барысында көрерменнің   қазіргі қоғамдағы ер азаматтардың, өсіп келе жатқан жасөспірім жігіттердің тәлім-тәрбиесіне қоғам қаншалықты көңіл бөліп жатыр деген сұрағына тұщымды жауап берді.

«Тәуелсіз сана қалыптастырып отырған жастардың да бағыт-бағдарын  біле-білген дұрыс.  Біз жастарды тек қана болашағымыздың үміткері ғана емес, сол жастарға жол ашып, болашақтың үлкен іргетасын қалайтын алдыңғы күш иесіндей қарауымыз керек. Рухани жаңғыру мәселесінде өзіміздің санамызды өзгертуге тиіспіз», - деп сөзін қорытындылады.   

Сұхбат соңында  отты жырларын сағынған халыққа «Аманат» деп аталатын  өлеңін арнады.

Хабарламаларға жазылу